Трамп әуе апатынан аман қалды
(last modified Wed, 19 Aug 2020 10:07:47 GMT )
Там 19, 2020 16:07 Asia/Almaty
  • Трамп әуе апатынан аман қалды

АҚШ Президентінің ұшағы Вашингтонның маңындағы әуежайға қонар сәтте бір ұшқышсыз ұшаққа соғылып қала жаздады.

Bloomberg арнасының хабарлауынша, №1 борт ұшағында Дональд Трамппен бірге болған бірнеше адам Трамп ұшағының Вашингтонның маңындағы әуежайға қонар сәтте бір шағын ұшқышсыз ұшаққа соғылып қала жаздағанны растады.  

Куәлердің айтуынша, ұшқышсыз ұшақ  АҚШ Президентінің ұшағы қонар алдында оның оң жақ қапталына жақын келген. Ұшақ ішіндегі бірнеше адам мұны көрген.

Трампты қорғау міндеті Ақ үйдің қауіпсіздік қызметіне жүктелген. АҚШ-тың әуе-ғарыш қорғаныс күштерінің қолбасшысы бұл жайт жөнінде пікір білдіруден бас тартты.