Теһран мәлімдемесі: Иранның ізгі ниеті мен агенттіктен күтетіні
(last modified Thu, 27 Aug 2020 15:41:11 GMT )
Там 27, 2020 21:41 Asia/Almaty
  • Теһран мәлімдемесі: Иранның ізгі ниеті мен агенттіктен күтетіні

АҚХА Бас директорының Теһрандағы екі күндік шағын кеңесінен кейін Иран мен осы ұйым белгіленген мәселелерді ізгі ниетпен шешуге келісті.

Сәрсенбі күні кешке Иран мен АҚХА-ның ортақ мәлімдемесінде: «Иран ерікті түрде агенттік белгілеген екі нысанаға кіруге рұқсат берді. Сөйтіп, қайшылықты мәселелерді шешу үшін АҚХА-ның дұрыстықты тексеру жұмыстары жеңілдетіледі»,-делінген.

АҚХА Бас директоры Рафаэль Гросси дүйсенбі күні кешке Теһранға келіп, екі күн бойы Иран басшыларымен қос тараптың әріптестігі және кепілдендіру міндеттемелері аясында кейбір қайшылықтарды шешу туралы кеңесті.  

Иран өзінің  кепілдендіру міндеттемелері аясында АҚХА-мен әрдайым жақсы әріптестік жасап келеді. Бұл ынтымақтастық  «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қол қойылғаннан кейін  өзінің шарықтау шегіне жетті.

АҚХА әлем бойынша тексерістерінің 20 пайызға жуығы 2015 жылғы ядролық келісім негізінде дұрыстықты тексеру аясында Иранда жүргізіледі. Басқа сөзден айтқанда, агенттіктің тексерушілері жыл сайын 33 рет Иранға қосымша тексеріске келеді және орташа есеппен алғанда күн сайын Иранда 6 тексеруші жүреді.   

АҚХА-ның тексерушілеріне нысанға кіруге осындай деңгейде жағдай жасау Иранның осы халықаралық ұйыммен сындарлы әріптестік жасап отырғанын көрсетеді. АҚХА Бас директорының өткен 4 жылдағы маусымдық есептері Иранның осы ұйыммен сындарлы әріптестік жасап, Теһраның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне берік екенін көрсетті.

АҚХА – Иранның ядролық жұмыстарының дұрыстығын тексеруге жауапты жалғыз ұйым. Осы арада іс-қимыл еркіндігі мен саяси қатынастан алшақтық  агенттікті өзінің кәсіби мақсаттарын ілгерілетуде сәттілікке жеткізеді.

АҚХА мамандандырылған техникалық ұйым ретінде өзі қол жеткізген мәліметтер негізінде талап қоюы керек. Тыңшылық арқылы қолға түскен ақпараттар агенттік жұмысына арқау болмауы тиіс.

АҚХА-ның тәуелсіздігі, бейтараптығы мен кәсібилігі – әлем елдері мен қоғамдық пікірдің қалауы. Агенттіктің кәсіби деңгейі үшінші тарап ұсынған мәліметтердің  ықпалына түспеуі тиіс.  

Иранның агенттікке екі нысанды тексеруге рұқсат беруі Теһранның осы ұйыммен сындарлы әріптестік жасап отырғанын көрсетеді. Бұл осы техникалық ұйымның рөлін арттыра түседі.  

Иранның сырдарлы да ерікті қатынасы АҚХА-ға талаптарды да арттырады. Агенттік өз жұмысын тәуелсіз, бейтарап әрі сыртқы араласушылықтан ада қалыпта орындауы керек. Сонда қоғамдық пікірде оның орнына күмән туындамайды.

Осындай жағдайда Гроссидің Теһранға сапары оған АҚХА Бас директоры ретінде саяси қысымдардан ада қалыпта кәсіби-реалистік қатынас көрсетіп, Иран мен агенттіктің өзара тиімді әріптестігін жалғастыруды жеңілдетуге және шындықты анықтап, агенттіктің  абыройын сақтап қалуға мүмкіндік берді.