Франция армиясының жоғары лауазымды қызметкері Ресей үшін тыңшылық етуімен айыпталды
(last modified Sun, 30 Aug 2020 13:18:20 GMT )
Там 30, 2020 19:18 Asia/Almaty
  • Франция армиясының жоғары лауазымды қызметкері Ресей үшін тыңшылық етуімен айыпталды

Франция Қорғаныс министрі бұл елдің армиясының жоғары лауазымды қызметкерінің Ресей үшін тыңшылық еткені үшін айыпталғанын жариялады.

 

ТАСС ақпарат агенттігінің мәліметінше, Флоранс Парли жексенбі күні: «Франция армиясының қолбасшыларының бірінің Ресей үшін тыңшылық жасауын анықтайтын жұмыс жүргізілуде»,- деді. Франция Қорғаныс министрінің сөздері Батыста Ресейге қарсы айыптаулар күшейген жағдайда айтылды. Өткен бірнеше аптада Ресей мен еуропалық мемлекеттер тыңшылыққа айыптап, бір-бірлерінің бірқатар дипломаттарын елдерінен шығарып жіберді. Батыс пен Мәскеу арасындағы қатынастар 2014 жылдан бастап НАТО-ның әскери ықпалының төрт бағытында, әсіресе Ресейдің Шығыс Еуропамен шекарасында, Украина дағдарысында, Балтық теңізі  және Сириядағы ахуалда шиеленісіп келеді.   АҚШ пен Еуроодақ 2014 жылдан бастап Ресейге қарсы бірқатар экономикалық және қаржылық санкцияларды енгізіп, Мәскеудің қарсы реакциясына тап болды.