Түркия мен Сирияның солтүстігінде шекара өткелі ашылды
(last modified Sun, 30 Aug 2020 14:03:18 GMT )
Там 30, 2020 20:03 Asia/Almaty
  • Түркия мен Сирияның солтүстігінде шекара өткелі ашылды

Түркия елдің Шанлыурфа облысы мен Сирияның солтүстігіндегі күрд аудандары арасында жаңа кедендік өткел салынғанын мәлімдеді.

Kurd Press-тің хабарлауынша, Шанлыурфаның облыс әкімі Абдулла Эрин: «Түркияның оңтүстік-батысындағы Шанлыурфа облысының Джилан Пинар қаласы мен  Сирияның Күрдістанындағы Саркани аймағының шекарасында кедендік өткелдің ашылуымен екі жақтың   сауда әрекеттері қайта басталады»,- деп мәлімдеді. Шанлыурфаның облыс әкімі: «Бұл инвестиция Түркия Президенті Реджеп Тайып Эрдоғанның ұсынысымен салынып, екі тарап үшін тарихи мұрсат болып табылады»,- деп жариялады. Басқа жақтан Түркия армиясының Сирияның солтүстігіндегі әрекеттері бұл елдің халқы және үкіметі, сондай-ақ әлемдік қоғаммен айыпталды.    

Тегтер