Түркия мен Әзірбайжанның Нахичиванда бірлескен әскери жаттығуы жалғасып жатыр
Қыр 06, 2020 16:36 Asia/Almaty
Түркия мен Әзірбайжанның Нахичиван автономды республикасыдағы бірлескен әскери жаттығуының жалғасында екі ел күштері құрлық және әуе бөлімшелерін пайдаланып, алдын ала белгіленген дұшпанның позицияларына шабуыл жасады.
Түркия мен Әзірбайжан күштерінің осы ортақ әскери жаттығуында екі жақтан 2600-ге жуық әскери қызметкер ондаған танк, сауытты көлік, тікұшақ пен зымырандық кешендерді пайдаланып, алдын ала белгіленген дұшпанның позицияларын нысанаға алды.
Түркия мен Әзірбайжан өткен айда да Нахичиванда бірлескен әскери жаттығу өткізген болатын. Екі елдің әскери әріптестіктері Арменияның наразылығын тудырып отыр.