Қалибаф: Иран халқы АҚШ санкцияларының келтірген шығындарын ешқашан кешірмейді
https://itolqyn.com/news/world-i48180
ИИР Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы басқа елдердің ядролық келісімдегі уәдебұзушылықтарының ирандықтар үшін ащы естелік болып қалғанын айтып: «Иран халқы АҚШ санкцияларының келтірген шығындарын ешқашан кешірмейді»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 07, 2020 02:25 Asia/Almaty
  • Қалибаф: Иран халқы АҚШ санкцияларының келтірген шығындарын ешқашан кешірмейді

ИИР Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы басқа елдердің ядролық келісімдегі уәдебұзушылықтарының ирандықтар үшін ащы естелік болып қалғанын айтып: «Иран халқы АҚШ санкцияларының келтірген шығындарын ешқашан кешірмейді»,-деді.

Қалибаф жексенбі күні Теһранда Швейцарияның Сыртқы істер министрі  Игнасио Касиспен кездесіп: «Иран халқы біржақты, зұлым әрі заңға қайшы санкциялар салғанына байланысты АҚШ-қа сенбейді»,-деді.

ИИР Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Еуропаның тәуелсіз түрде Иранмен сындарлы қатынас жасай алатынын айтып: «Еуропа АҚШ саясатының ықпалында қалмауы тиіс, өйткені Вашингтонның шаралары Батыс Азия аймағында тұрақсыздық пен тынышсыздықтың туындауына себеп болады»,-деді.

Игнасио Касис Иранда кейбір швейцариялық компаниялардың жұмыс істеп жатқанына тоқталып: «Швейцарияның ірі компаниялары санкцияларға қарамастан, әлі де Иранда өз жұмыстарын жалғастыруда»,-деді.