Ресей Жерорта теңізінің шығысындағы жағдайға алаңдаушылық білдіріп отыр
https://itolqyn.com/news/world-i48183-Ресей_Жерорта_теңізінің_шығысындағы_жағдайға_алаңдаушылық_білдіріп_отыр
Ресей Сыртқы істер министрі Түркия мен Грекия арасында текетірестердің күшейе түскеніне реакциясында Жерорта теңізінің шығысындағы жағдайды алаңдатарлық деп бағалады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 07, 2020 13:52 Asia/Almaty
  • Ресей Жерорта теңізінің шығысындағы жағдайға алаңдаушылық  білдіріп отыр

Ресей Сыртқы істер министрі Түркия мен Грекия арасында текетірестердің күшейе түскеніне реакциясында Жерорта теңізінің шығысындағы жағдайды алаңдатарлық деп бағалады.

Сергей Лавров Жерорта теңізінің шығысындағы елдер басшыларын туындаған қиындықты диалог арқылы шешуге шақырды.  

Түркия мен Грекия арасында Жерорта теңізіндегі газ кеніштеріне қатысты қайшылық туындады. Еуропа одағының бір мүшесі ретіндегі Кипрдің Жерорта теңізінің шығысында табиғи газ көздерін барлап, өндіруге талпынысы Түркияның қатты наразылығына ұшырады.

Жерорта теңізінде мұнай-газ көздерін барлау мәселесі соңғы жылдарда Түркия үшін зор маңыздылыққа ие болып келді. Тіпті оның амалдары  Еуропа одағымен ауыр қайшылықтың туындауына алып келді.

Түркия Кипрдің егемендігін ресми түрде танымайды, сондықтан өзін осы аймақта мұнай-газ көздерін барлауға құқылы санайды.