Рохинья мұсылмандарының миграциясы жалғасуда
(last modified Mon, 07 Sep 2020 08:55:26 GMT )
Қыр 07, 2020 14:55 Asia/Almaty

300-ге жуық рохинья (рохинджа) босқыны Индонезияның Ачех облысына кірді.

Рохинья геноциді Мьянма үкіметінің рохинья мұсылмандарға қарсы үздіксіз азаптаулары мен қудалаулары түрінде көрініс тауып отыр. Оның бірінші кезеңі 2016 жылдың қазан айында басталып, 2017 жылдың қаңтар айында аяқталды. Екінші кезеңі 2017 жылдың тамыз айында басталып, әлі күнге дейін жалғасып келеді. Бұл дағдарыс 1 млн-нан аса рохинья мұсылманын көршілес елдерге қашуға мәжбүр етті.