Қыр 08, 2020 21:50 Asia/Almaty
  •  Еуроодақ Сербия мен Косовоға елшіліктерін басып алынған Құдсқа көшірулеріне ескерту жасады

АҚШ Президенті Дональд Трамптың сионистік режимге қызмет ету әрекеттерінің бірі 2018 жылдың мамыр айында Құдсты бұл режимнің астанасы ретінде ресми қабылдауы мен АҚШ елшілігін бұл қалаға көшіруі болды. Оның бұл шешімі әлемдік қарсылықпен бетпе-бет келді. Бұл қарсылықтарға қарамастан Трамп қазіргі кезде басқа елдерді, әсіресе еуропалық мемлекеттерді ұқсас шешім қабыладуға мәжбүрлеуде. Бұл әрекет Еуроодақтың қарсылығымен бетпе-бет келді.

 

Еуроодақ дүйсенбі 7 қыркүйекте Сербия мен Косоваға өз елшіліктерін Құдсқа көшіруге талпыну жөнінде ескерту жасады. Еуроодақтың сыртқы саясат бөлімінің ақпарат өкілі Питер Стано: «Одаққа кіруге ұмтылып отырған Сербия мен Косово мұндай шешімнің Брюссельдің ұстанымына сәйкес келмейтінін және Еуроодақтың Құдс туралы ортақ ұстанымына күмән келтіретін кез-келген әрекеттін  алаңдаушылық пен өкінішке себеп болатынын білуі керек. Егер Сербия мен Косово Еуроодаққа енуді басты мәселе деп білетін болса, Брюссельдің олардан ЕО негіздеріне табанды болуларын күтетінін білгендері жөн. Еуроодаққа қосылу келіссөздерін бастаған Сербияның Брюссельмен ақылдасуы керек»,- деді. Жақында Сербия президенті Александр Вучич пен Косово премьер-министрі Абдулла Хоти Трамптың Ақ үйдегі қатысуымен экономикалық қатынастарды қалыпқа келтіруге келісті. Жақында Сербия президенті Александр Вучич пен Косово премьер-министрі Абдулла Хоти Трамптың Ақ үйдегі қатысуымен экономикалық қатынастарды қалыпқа келтіруге келісті. Сербия сонымен бірге Тель-Авивтегі елшілігін 2021 жылдың шілдесіне дейін Құдсқа көшіру туралы шешім қабылдағанын жариялады. Косово сионистік режиммен оны тану арқылы дипломатиялық қатынас орнатуға шешімін қабылдады. Еуропа мен АҚШ-тың сионистік режимге   материалдық және саяси қолдау көрсетуін ескере отырып, Трамп еуропалықтар оның Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде тану және елшілігін осы қалаға көшіру туралы шешіміне қарсылық  білдірмейді немесе оған барынша жұмсақ қарсылық көрсетеді деп ойлады.

Трамптың заңсыз әрекеттеріне қарамастан Құдс әлемдік деңгейде  Израильдің астанасы болып қабылданбады. БҰҰ Бас ассамблеясы 2017 жылдың 21 желтоқсанында 128 «оң», 9 «қайшы» дауыспен Трамптың Құдсты сионистік режимнің астаансы және АҚШ елшілігін бұл қалаға көшіру біржақты әрекетіне қарсы қарарын  бекітті. Трамп үкіметі одақтастарын өз елшіліктерін Тель-Авивтен Құдсқа көшіруге мәжбүрлеу үшін көп жұмыс жасады. Латын американың кейбір үкіметтері Трамптың талабына оң реакция білдіріп, Гватемала мен Парагвай сынды елдер елшіліктерін Құдсқа көшірулері туралы жариялады. Алайда, Трамп Израильді қолдап, палестиналықтарға қарсы тұруды жалғастырып, UNRWA-ға және палестиналықтарға көмекті тоқтатып, халықаралық айыптауға тап болған БҰҰ Адам құқығы кеңесінің құрамынан шықты. Қазіргі кезде АҚШ-тың кейбір одақтастары бұрынғы шешімін қайта қарады. Мәселен, Парагвай өз елшілігін Құдстан Тель-Авивке қайта көшірді. Ресейдің Стратегиялық зерттеулер институты басшысының кеңесшісі Елена Супонинаның айтуынша, «Дональд Трамп Құдсты Израиль астанасы ретінде ресми танып, өртпен ойнауда».

Тегтер