Ансаралланың Абхаға қарсы шабуылдарының маңыздылығының себебі
(last modified Fri, 11 Sep 2020 14:11:42 GMT )
Қыр 11, 2020 20:11 Asia/Almaty
  • Ансаралланың Абхаға қарсы шабуылдарының маңыздылығының себебі

Йемен армиясы мен халық күштері соңғы күндері сан рет Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі Асир облысындағы Абха әуежайын ұшқышсыз ұшақтармен нысанаға алды.

 

Абха әуежайына қарсы шабуылдар ішкі және аймақтық тұрғыдан маңызды. Йеменнің ішкі деңгейінде бұл шабуылдар Ансаралланың және оның одақтастарының стратегиялық құдыретін көрсетеді. Йемендіктердің шабуылдарының ішкі маңыздылығының тағы бір себебі – бұл шабуылдардың  Йеменнің мамандарымен жасалған ұшқышсыз ұшақтармен іске асырылуы. Абха әуежайына қарсы шабуылдардың «Самад-3» ұшқышсыз ұшағымен жасалуы саудиялақтарға Йемен армиясы мен Ансаралланың күш-қуатын көрсетті. Сауд Арабиясының ішкі деңгейінде Абхаға қарсы шабуылдар Риадтың йемендік ұшқышсыз ұшақтарға қарсы әлсіздігін білдірді. Сауд режимі әскери салада көптеген қаржы жұмсап, әлем бойындағы ең үлкен қару импорттаушы, сондай-ақ АҚШ пен Қытайдан кейінгі ең үлкен әскери бюджетке ие мемлекет болып табылады. Басқа жақтан Абха Асир  облысындағы шекара қалалардың бірі. Асир - Сауд Арабиясы шамамен 80 жыл бұрын Йемен жерінен бөліп алған үш облыстардың бірі. Бұл облыста Сауд Арабиясы армиясының жаяу күштері мен әуе күштер, сонымен бірге   Сауд Арабиясының мұнай нысандары орналасқан. Йеменнің армиясы мен халық комиттері Абха әуежайына қарсы шабуылымен йемендік Асир облысын қайтаруға қоқан-лоққы көрсетті. Абха әуежайына қарсы шабуылдар аймақ деңгейінде де маңызды. Бұл сионистік ұшақтардың Сауд Арабиясының үстінен өтуіне рұқсат берілгеннен кейін Сауд Арабиясына жасалған алғашқы әуе шабуылы болды. Бұл шабуыл саудиялық аспанның еш уақытта қауіпсіз емес екенін дәлелдеді. Абха әуежайына жасалған шабуылдардың тағы бір аймақтық маңыздылығы  - әмірліктердің Йеменнің Сокотра аралындағы сионистік режиммен ынтымақтастығы туралы хабарламасы. Әмірліктер сионистік режиммен келісімге келіп, Сокотра аралы мен Баб әл-Мандеб бұғазында сионистік режиммен ынтымақтастық еткісі келеді. Сондықтан Абха  әуежайына қарсы ұшқышсыз ұшақтар шабуылы Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірлігі  және Израиль үшін Йеменді басып алуларының салдарларының бірі деген шынайы ескерту деп айтуға болады.