Франция полициясы капиталистік жүйеге қарсы 300 наразыны қамауға алды
(last modified Sun, 13 Sep 2020 12:31:32 GMT )
Қыр 13, 2020 18:31 Asia/Almaty

Францияның қауіпсіздік күштері кеше капиталистік жүйеге қарсы наразыларға көзді жасаурататын газбен шабуыл жасап, 300 адамды қамауға алды.

«Сары күртешелер» деген атпен танымал капиталистік жүйеге қарсы қозғалыстың шеруі 2018 жылдың қараша айында басталып, әр аптаның сенбі күндері өткізіліп келеді. Француз наразылар Макронның саясатын азаматтарға қысымның артуының басты себебі санап, оның биліктен кетуін талап етуде.  Франциядағы наразылықтар барысында осы күнге дейін 10-нан аса адам қаза тауып, 10 мыңға жуық адам қамауға алынды.