Сараптама: Теһран мен Бейжіңнің жаңа қадамы
Иран мен Қытай қарым-қатынасына жасалған шолу көрсеткендей, бүгінде Қытай – Иранның ең ірі сауда серіктесі, ал Иран Қытайдың аймақтағы ең ірі стратегиялық серіктесі.
Екі елдің қарым-қатынасы АҚШ-тың қарсылықтары мен санкцияларына қарамастан, бұрынғыдай жалғасын тауып, кейбір болжамдарға керісінше бәсеңдемегені былай тұрсын, айтарлықтай нығайды. Бұл өз түрінде бұрын‑соңды болмаған жағдай саналады. Осы орайда жексенбі күні Иранның өнеркәсіп қалашықтары мен шағыш кәсіпорындар ұйымы мен Қытайдың шағын кәсіпорындар халықаралық көрмесі арасында сауда-өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейту саласында меморандумға қол қойылды.
Иран мен Қытай арасында саяси-экономикалық және мәдени қарым-қатынасты дамытудың айқын мақсаттары мен дәлелдері бар.
Бұл қарым-қатынастың тарихы тереңнен басталады. Санкция заманында Иранның Батысқа сенімсіздігі артып, АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қарсы текетірес тудырушы шаралары күшейген кезде Иран мен Қытай байланыстары көбірек көрініс тапты. 2019 жылы жарияланған статистикалық мәліметтерге сәйкес, санкциялар шарықтау шегіне жеткен кезде Иран мен Қытайдың сауда айналымы 24 млрд долларға жетті. Әрине Иранның геосаяси жағдайы Қытай үшін маңызды екені айқын. Иран – Каспий теңізі мен Парсы шығанағын байланыстыратын тұрақты ел. Осы ерекшелік Иранмен сауда-экономикалық жобаларға қатысуды шетелдік инвесторлар, соның ішінде Қытай үшін тартымды етіп отыр. Иран мен Қытай ынтымақтастығы өзара мүдделер мен тепе-теңдікке негізделген, сондықтан дұшпандардың көзіне түскен сүйел әрі АҚШ-тың біржақты санкцияларына берілген қатаң жауап саналады. Халықаралық қарым-қатынастар жөніндегі сарапшы әрі ресейлік тілші Екатерина Беляева жексенбі күні «Спутник» агенттігіне жазған мақаласында Иран мен Қытай қарым-қатынасы туралы: «Екі елдің стратегиялық ықпалдастығы АҚШ-тың Иранға қарсы «барынша қысым жасау» саясаты табытына қағылатын соңғы шеге болуы мүмкін»,-деп жазды.
Сол себепті Иран мен Қытайдың стратегиялық әріптестік саласында жасап жатқан қадамдары Вашингтонның ашу-ызасын тудырады. АҚШ-тың Foreign Policy газеті жуырда Иран мен Қытай арасындағы 25 жылдық стратегиялық келісімнің алғынұсқасына сілтемес жасап, оны Батыс үшін жағымсыз жаңалық деп атады. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Fox News агенттігіне берген сұхбатында теріс түсінік тудыруға тырысып, Қытайдың Иранға кіруі аймақтың тұрақсыздануына себеп болып отыр деп уәж айтты. Алайда жалған уәждерге қарамастан, Иран мен Қытайдың қарым-қатынасы шынайы, ол бағзы замандардан бері сауда-экономикалық әріптестікке негізделген.