Лукошенконың Ресей сапары және Путинның Беларуське көмек көрсету уәдесі
(last modified Tue, 15 Sep 2020 14:42:53 GMT )
Қыр 15, 2020 20:42 Asia/Almaty
  • Лукошенконың Ресей сапары және Путинның Беларуське көмек көрсету уәдесі

Беларусьтегі президенттік сайлаудан кейін батыстықтардың араласуынан туындаған толқулардың жалғасуы Минск пен Мәскеу арасындағы қарым-қатынасты нығайтты.

 

Беларусь Президенті Алесандр Лукошенко Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесу үшін кеше дүйсенбі күні Сочиге келді. Лукошенконың Сочи сапары - оның президенттік сайлаудан кейінгі алғашқы шетелдік сапары. Путин бұл кездесуінде Мәскеудің Минск арасындағы бүкіл міндеттемелерін, олардың ішінде Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы мен біріккен үкімет уәделерін орындайтынын қуаттады. Бұл кездесуде Путин Ресейдің Беларуське экономикалық және әскери көмек көрсетуін жалғастыруын қуаттап, Лукошенкоға 1,5 миллард долларлық несие төлеу уәдесін берді. Өткен 30 жылда саяси дағадрыспен бетпе-бет келген Беларусь Ресейдің көмегімен жағдайын жақсартуға талпынуда. Еуропалық үкіметтер мен АҚШ-тың Беларусьтің ішкі істеріне араласуының артуымен тұспа-тұс Мәскеу де бұл елге көмегін бұрынғыдан арттыруға дайын. Екі мемлекет сондай-ақ НАТО басқарған Батыстың алдында қауіпсіздік алаңдаушылыққа ие. Ресей өз әсерін сақтау және Беларусьтің Батыстың қол астына түсуінің алдын алу үшін екі елдің әскери қарым-қатынастарын нығайтуды көздеуде. Бұл салада 14-25 қыркүйекте Брестский базасында бірлескен әскери жаттығу өткізуде. Лукошенконың Ресейден көмек сұрауы Светлана Тихоновскаяның сынауымен бетпе-бет келді.

Мәскеу Беларусьтегі тұрақсыздықтың артуы мен қазіргі жүйесінің құлдырап, соңында батысшыл үкіметтің билік басына келуімен алаңдауда. Путинның пікірінше, батыстықтар Беларусьте Грузия мен Украинадағында түрлі-түсті төнкеріс жасағысы келеді. Шығыс Еуропа істері жөніндегі сарапшы Густав Герсел Батыстың Беларусь еліне араласуының салдары туралы: «Беларусьтің Еуроодаққа  көбірек қосылуын талап етуі Еуроодаққа да, Беларуське де шығынмен аяқталуы мүмкін»,- деп ескертті.

Мәліметтер Батыстың Беларуське қысымды күшейтуі мен Лукашенконы биліктен кетуге мәжбүрлеу әрекеттерін жалғастыруын көрсеткенімен, Ресей Беларусь үкіметімен ынтымақтастық етіп, батыстықтардың бұл елдің істеріне араласып, өз мақсаттарына жетулерінің алдын алуға дайын.