Ресейлік қайраткер АҚШ-қа өз беделін түсірмеуге кеңес берді
https://itolqyn.com/news/world-i48301-Ресейлік_қайраткер_АҚШ_қа_өз_беделін_түсірмеуге_кеңес_берді
Венада орналасқан БҰҰ-дағы Ресей өкілі Вашингтон басшыларының Иранға қарсы уәждеріне реакциясында: «Өз беделдеріңізді түсіруді қойыңыздар»,-деп баса айтты.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қыр 17, 2020 15:20 Asia/Almaty
  • Ресейлік қайраткер АҚШ-қа өз беделін түсірмеуге кеңес берді

Венада орналасқан БҰҰ-дағы Ресей өкілі Вашингтон басшыларының Иранға қарсы уәждеріне реакциясында: «Өз беделдеріңізді түсіруді қойыңыздар»,-деп баса айтты.

Михаил Ульянов бейсенбі күні Твиттердегі жеке парақшасында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Иранға қарсы санкциялардың қайтарылатыны туралы уәждеріне реакциясында: «Бұлай етуге сіздерге кім рұқсат берді? БҰҰ Қауіпсіздік  кеңесінің барлық мүшелерінің АҚШ-ты «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының мүшесі санамайтынын ашық түрде мәлімдегенін түсінбейсіздер ме?»-деп жазды.

«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққан АҚШ  бұрынғыдай №2231 қарарына сәйкес Иранға қарсы санкцияларды қайтара аламыз деп уәж айтып отыр.