Иран мен Ресей университетаралық және технологиялық ынтымақтастықты арттыру қажеттігін қуаттады
Қыр 17, 2020 22:15 Asia/Almaty
Иран Президентінің ғылыми-технологиялық істер жөніндегі орынбасары мен Ресей Ғылым академиясының басшысы бейнеконференция арқылы сұхбаттасып, екі ел арасында университетаралық және технологиялық ынтымақтастық деңгейін арттыру қажеттігін қуаттады.
Қос тарап осы сұхбатта ынтымақтастық салаларын анықтап, бірлескен технологиялық жобаларды таныстыру үшін жұмыс тобын құруға келісті. Иранның Ресейдегі елшісі Казем Джалали елшіліктің келісімдерді орындауға көмектесуге әзір екенін мәлімдеді.