Ресей АҚШ-тың Иранға қарсы санкция жайлы заңсыз уәждерін айыптады
Қыр 20, 2020 15:49 Asia/Almaty
Ресей Сыртқы істер министрлігі өз мәлімдемесінде: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалуға талпыныс жалғасады. АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің атынан сөйлей алмайды»,-деп мәлімдеді.
Ресей Сыртқы істер министрлігі жексенбі күні АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларды қайтаруға талпыныстарына реакция білдіріп: «№2231 қарары әлі күшінде. Вашингтон болған оқиғаны қабылдап, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің атынан сөйлеуді доғаруы тиіс»,-деп мәлімдеді.
Мәлімдемеде: «АҚШ-тың Иранға қарсы шаралары – сахналанған көрініс. Бұл ел бұрынғыдай өзіне қарсыларға санкция салып, жазалаймын деп сес көрсетеді»-делінген.
Тегтер