Коронавирус Ресейдің бюджеттік басымдығын өзгертті
(last modified Sun, 20 Sep 2020 12:21:52 GMT )
Қыр 20, 2020 18:21 Asia/Almaty
  • Коронавирус Ресейдің бюджеттік басымдығын өзгертті

Коронавирустың таралуы салдарынан өткен 7 жылда бірінші рет Ресейдің экономикаға бөлетін бюджеті әскери-қорғаныс саласына бөлетін қаражаттан көбірек.

Russia Today агенттігінің хабарлауынша, Ресейдің әскери бюджеті 2021 жылы 3,11 трлн рубльді құрайды. есей үкіметі бюджетінің 14,5 пайызына тең бұл сома елдің ұлттық экономикасына бөлінген бюджеттен 1 пайызға төмен. Экономикаға 3,37 трлн рубль (44,51 млрд доллар) бөлінеді деп күтілуде. 2021 жылғы әскери бюджет коронавирус дағдарысына дейінгі жобалармен салыстырғанда 120 млрд рубльге азайды.