Түркия Таулы Қарабақ мәселесіне араласуды жалғастыруда
Әзірбайжан мен Армения әскери күштері қақтығыстары жалғасып жатқан жағдайда, Түркия басшылары Ереванға қарсы соғысында Бакуды қолдайтынын қайталады.
Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу Twitter-дегі парақшасында: «Әзірбайжан мен Армения қақтығыстарында Анкара Баку жағын қолдайды»,- деп жазды. Мевлют Чавушоглы Армениямен атысты тоқтату келісімге келген кезде әзірбайжандық әскери Алшан Мұхаммадовтың өлтірілуіне көңіл айтып, елінің Әзірбайжанның қасында екенін мәлімдеді. Армения арасындағы қақтығыстар жалғасып келе жатқан уақытта түрік үкімет басшыларының Әзірбайжанға жанашырлық пен қолдау соғысушы тараптар нақты және тұрақты бейбітшілікке қол жеткізу үшін аймақтың тәуелсіз үкіметтерінің қолдауына мұқтаж жағдайда білдірілді. Қазіргі жағдайда сенімді серіктестердің болуы соғысушы тараптар үшін өте маңызды. Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев басқаратын «Йени Әзірбайжан» партиясы басшылары Түркияны екі ел арасындағы қатынастардың болашағы үшін стратегиялық одақтас санайды деегн ой туады. Осыған орай әзірбайжандық басшылар Түркияның қолдауымен кейбір уақытта Арменияға қоқан-лоққы көрсетуде. Мәселен, Әзірбайжан Президенті соңғы кезде Баку-Анкара қарым-қатынастарын мадақтай отырып: «Әзірбайжан-Түркияның соңғы бірлескен жаттығуы Арменияда дүрбелең тудырды»,- деді. Бұл ескертулерге қарамастан, Әзірбайжан шенеуніктерінің айтуынша, биылғы шілдедегі қақтығыстарда жеңілген Арменияның Әзірбайжан тарапымен келіссөздер жүргізу шарттарын қалай қойғаны белгісіз. Бұл салада Армениядағы Иранның бұрынғы елшісі және белгілі саяси сарапшы Мұхаммад Фархад Келини: «Аймақ халқы мен Таулы Қарабақ қақтығысының табиғатын біле отырып, екі тараптың өзара әрекеттесуі мүмкіндігінше жақын болуы маңызды, өйткені Әзірбайжан Республикасы мен Армения мәңгі бірге болуға тиіс көршілер. Аймақтың достас елдер соғысты ынталандырудың орнына екі тарапты бейбітшілікке шақыруы керек»,- деді.
Не дегенімен әзірбайжандық басшылар Түркияның қолдауымен Армения премьер-министрінің бейбіт келіссөздерді жалғастырудың жеті шартын қабылдауымен бірге, Мецамур атом электр станциясының жою туралы қоқан-лоққы көрсетті.
Аймақ елдері, әсіресе Түркияның Әзірбайжан мен Армения қарым-қатынастары туралы қорыта айтқанда, Түркия Таулы Қарабақ дағдарысын пайдаланып, Әзірбайжан халқының сезімін қоздырып, түрік мәселелерін көтеру арқылы Оңтүстік Кавказ аймағында ықпалын кеңейтуді көздейді.