Қыр 24, 2020 19:58 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясы аймақтағы лаңкестік топтарды қолдап отыр

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: «Сауд Арабиясы – тәкфирлік лаңкестік топтардың идеологиясы қалыптасып, базасы құрылған жер және аймақтағы лаңкестіктің басты қаржылай-логистикалық қолдаушысы»,-деді.

Саид Хатибзаде Сауд патшасының Иранға қарсы сөздеріне жауабына: «Йеменде саясат және соғыс тұрғысынан үздіксіз жеңіліс табу Сауд Арабиясын сандырақтауға мәжбүрледі. Сауд әулеті режимінің басшылары басқа елдерге айып тағып, Йеменде әйелдер мен балаларға қарсы өздері жасаған соғыс қылмыстарының жауапкершілігінен қашып отыр»,-деді.

Сауд Арабиясының патшасы Салман бен Абдулазиз БҰҰ Бас ассамблеясынның 75-ші сессиясында Иранды Батыс Азияда бүлдіргі әрі текетірес тудырушы саясат ұстанып, араб елдерінің ісіне араласады деп айыптады.

Тегтер