Ресей мен Иран қарым-қатынастары мен ынтымақтастықтарды кеңейтуді қуаттады
Ресей 4+1 тобының мүшесінің бірі ретінде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының жалғасуын қолдап, АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандылық ұстанымын айыптады.
Иран Сыртқы істер министрі 24 қыркүйек күніндегі Мәскеу сапары ағымында Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесіп, екі жақ ынтымақтастықтарды кеңейтуді қуаттады. Зариф Лавровпен өткізген бірлескен баспасөз отырыста екі елдің жақсы қарым-қатынастары және Ресей-Иран ынтымақтастықтарының дамуына тоқталды. Зариф АҚШ-тың әрекеттеріне қарсы тұру және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Иранға қарсы санкцияларға қарсылық білдіруге мүшелерін жұмылдыру саласындағы Ресейдің басты рөліне тоқталды. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 15 мүшесінің 13-і Вашингтонның талаптарына қарсы болды. Зариф: «АҚШ сәтсіздікке ұшырады, Ресей мен Қытай бұл салада өте маңызды рөл атқарды»,- деді. Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров: «Ресей еш уақытта АҚШ-ың заңсыз және шапқыншы талаптарына тағзым етпейді»,- деді.
Ресей мен Қытай 4+1 тобының мүшелері ретінде Вашингтонның №2231 қарар бойынша 2020 жылдың 18 қазанында уақыты аяқталатын Иранға қарсы қару-жарақ санкцияларды жалғастыру талпыныстарына қарсылығын білдірді. Лавров бұл салада: «Иранға қарсы қару-жарақ санкцияларының күші аяқталатын уақыты келген кезде, яғни 18 қазанда жойылады»,- деді. Осыған орай Вашингтон: «Иранға қарсы халықаралық санкцияларды, олардың ішінде қару-жарақ санкциясын бұзатын кез келгген мемлекет АҚШ-пен экономикалық-сауда қарым-қатынастар жүргізу құқыдан айырылады»,- деп қорқытты. Сербияның саяси сарапшысы Бушко Якичтің айтуынша, «Трамптың Иранға қару сатып алуға мүмкіндік жасайтын немесе Иранның ядролық және зымырандық бағдарламаларын қолдайтын банкілер мен компанияларға қоқан-лоққы көрсетуі нәтижеге жетпейді».
АҚШ-тың қоқан-лоққыларына қарамастан Ресей Иранмен экономикалық, олардың ішінде атом қуаты саласындағы ынтымақтастықтарын жалғастыруда. Сондай-ақ БҰҰ қару-жарақ санкциясын аяқталған соң Иранмен әскери ынтымақтастығын кеңейткісі келеді. Мәскеудің Иран арасындағы қарым-қатынастары мен ынтымақтастықтарын кеңейтуді қуаттауы негізінде Трамп үкіметінің Иранға қарсы саясатының сәтсіздікке ұшырауының белгісі.