Қыр 26, 2020 14:39 Asia/Almaty

Жұма, 25 қыркүйекте кешке ішінде 28 адамы болған Украинаның Ан-26 ұшағы құлады.

 

Ұшақ бортында экипаж мүшелерінен басқа, Украина Қарулы күштерінің Харьков Әуе күштері университетінің курсанттары болған. Өрт сөндірушілер 25 адамның мәйітін тапты. Апатта жарақат алған екі адам ауруханаға жеткізілді. Олар ауыр халде, қалғандарын іздестіру жұмыстар жалғасуда. Апаттың себебі зерттелуде, кейбіреулердің айтуынша,  ұшқыш апаттан бұрын ұшақтың моторында техникалық ақау бар деп хабарлаған.

 

Тегтер