Тәжікстан үкіметі Иран арасындағы қарым-қатынас көпірлерін бұзуға ресми талпынуда
Тәжік үкіметінің өткен бір жылдан артық уақыттағы Иранмен сындарлы және қолайлы қарым-қатынасты қалпына келтіру жөніндегі әрекеттеріне қарамастан, Душанбе үкіметі Иранмен қарым-қатынасты бұзуды тағы күн тәртібіне енгізген сынды деегн ой туады.
Бес жылдық шиеленісті қатынастардан кейін 2019 жылдың наурызынан бастап Теһранмен қарым-қатынасты жақсартуға күш салған Душанбе үкіметі соңғы кезде деерк фильм таратып, қайтадан Иранға қарсы өтірік үгітін бастады. Тәжікстанның үкіметтік телеарнасынан көрсетілген деректі фильмді түсірген кім екені белгісіз. Реакцияларға қарағанда «Қиянат» деп аталған деректі фильмнің Тәжікстан өнерпаздары мен халықына қатысы жоқ деп айтуға болады. Негізінде тәжік өнерпаздары Иранмен ортақ тарих, мәдениет пен тілді және ирандықтарды жақсы көреді. Тәжікстан үкіметінің аталмыш фильмді көрсетуімен бірге Душанбе соты Иран университеттерінде білім алып келген азаматтарын әртүрлі сылтаумен ұстап, соттап және абақтыға қамады. Бұдан бұрында Иранға қарсы дәлелсіз айыптаулар айтқан Эмомали Рахмонның үкіметі саяси билікті сақтау және оны өз отбасында қалдыру үшін тағы да бір рет Иранға дұшпан үкіметтер, сондай-ақ Теһран-Душанбе арасындағы сындарлы қатынастардың жақсаруына қарсыларға қарай бет бұрып отыр.
Парсы шығанағы аймағындағы кейбір араб үкіметтері, АҚШ пен кейбір еуропалық үкіметтер мен Құдсты жаулап алушы режим (Израиль) Иран мен Тәжікстанның қарым-қатынастарының кеңеюіне қарсылық білдірушілер. Тәжікстанның тағдырын шешуші президенттік сайлаудың қарсаңында тұрғанына көңіл бөліп, сарапшылар Душанбе үкіметінің бұл әрекетін шетелдік, әсіресе Парсы шығанағындағы кейбір араб мемлекеттерінен көмек алу үшін жасап отырған әрекеті деп бағалады. Бұл салада Тәжікстандағы Ислам қозғалысының жетекшісі және тәжік мәселелері сарапшысы Мохиуддин Кабири: «Бүгін Иранға қарсы ұстаным білдіру Эмомәли Рахмонның мүддесіне. Ол араб шейхтерінен қаржылай қолдауына ғана емес, АҚШ президентіне де сенуі мүмкін екені анық. Әсіресе Дональд Трамп Иранға қарсы мәселелерді қыздыра бастаған кезде, оның қолдауына ие болу үшін Рахмон да Иранға қарсы ұстанымдарын арттырды»,- деді.
ИИР-ның Тәжікстан үкіметімен достық, бауырластық және өзара сыйластық қарым-қатынасты қалайтынына күмән жоқ, бірақ Душанбе үкіметінің достыққа пен бауырластыққа қайшы қатынастарды жалғастыруы Иран-Тәжікстан бірлескен ынтымақтастық мақсаттарына нұқсан келтіреді.