Арменияда соғыс жағдайы жарияланып, ерікті мобилизация басталды
Қыр 27, 2020 19:47 Asia/Almaty
Армения Премьер-министрі осы елдің Әзірбайжанмен қақтығысынан кейін: «Елде соғыс жағдайы жарияланды. Ерікті күштерді майданға аттандыру үшін ұлттық мобилизация басталды»,-деп мәлімдеді.
Армения Премьер-министрі Никол Пашинян жексенбі күні таңертең Әзірбайжан әскерімен қақтығыста осы елдің 5 сарбазы қаза тапқаннан кейін Арменияда соғыс жағдайы жарияланып, ерікті күштер майданға жіберіле бастағанын хабарлады.
Әзірбайжан армиясы Арменияның 6 ауылын басын алғанын мәлімдеді.
Түркия СІМ өз мәлімдемесінде Әзірбайжанға қолдау білдірді.
Ресей Сыртқы істер министрі Түркия Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сұхбаттасып, Қарабақ қайшылығы туралы пікір алмасты.
Тегтер