Қытайда бір шахта жанып, 16 адам қаза тапты
https://itolqyn.com/news/world-i48438-Қытайда_бір_шахта_жанып_16_адам_қаза_тапты
Қытайдың оңтүстік-батысындағы Чунгинг ауданында орналасқан кен орнында конвейер таспасының өртенуі салдарынан 16 кенші қаза тапты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 28, 2020 17:00 Asia/Almaty

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Чунгинг ауданында орналасқан кен орнында конвейер таспасының өртенуі салдарынан 16 кенші қаза тапты.

Жергілікті басшылар кеншілердің қаза болу себебін тұншықтырғыш газбен улану деп мәлімдеді. Өрт болған кезде шахтада 17 кенші жұмыс істеп жатқан. Құтқарушылар кеншілердің бірін шахтадан тірі шығарып алды, бірақ оның жалпы денсаулық жағдайы ауыр деп хабарланды.