Армения Таулы Қарабақ қақтығыстарында Түркияның қатысуы туралы уәжденді
(last modified Wed, 30 Sep 2020 14:57:06 GMT )
Қыр 30, 2020 20:57 Asia/Almaty
  • Армения Таулы Қарабақ қақтығыстарында Түркияның қатысуы туралы уәжденді

Әзірбайжан мен Армения әскери күштерінің шекара қақтығыстары және Баку мен Ереван басшыларының бір-бірін айыптаулары жалғасуда.

 

Армения Премьер-министрі Никол Пашинян: «Бұл қақтығыстарға Түркияның әскери күштері қатысуда»,- деді. Никол Пашинян Ресей теледидарының «60 минут» бағдарламасына видеоформатта қатысып: «Әлемдік қауымдастық Түркияны Таулы Қарабақ аймағынан артқа шегінуге мәжбүрлеуі керек»,- деді. Бұлуәждерге қарсы Әзірбайжан Президенті елінің ерік күштер мен жасақтарды қажет етпейтінін және оларға армия әскери күштерімен бірге қақтығысқа қатысуға рұқсат етпейтінін қуаттады. Армения үкімет басшыларының Түркияның әзірбайжан-армян күштері қақтығыстарына қатысуы туралы уәждерін соңғы күндері Түркия басшылары сан рет бүкіл мүмкіндіктерімен Әзірбайжанның қасында болып, бұл елге көмектесетіні жөнінде жариялаған соң айтылды.

Түркия әскерилерінің тұспа-тұс Сирия, Ирак, Ливия, Кипр аралы және Жерорта теңізінің шығысында орналасуларына назар аудара, мамандар Түркияның Таулы Қарабақ  қайшылықтарына қатысуын екіталай санайды. Сонымен бірге тәжірибе Түркия үкіметінің осал және аймақтық-халықаралық қолдаушылары жоқ елдерге қарсы соғысқа араласатынын көрсетті. Сондықтан Анкара басшыларының өз армиясын Таулы Қарабаққа жіберуі екіталай. Армения Сирия мен Ирак емес, бұл ел аймақта Ресейдің және әлемдік қауымдастық деңгейінде АҚШ, Британия және Францияның қолдауына ие. Бірақ бұл соғыстың Оңтүстік Кавказ аймағында тынышсыздықтарды күшейтуге жол ашатыны даусыз. Бұл тынышсыздықтар Израильдің әскери қаруын Әзірбайжан мен Арменияға сатуға жағдай тудыруды мақсат етеді. "Геополитика.Ру" орталығының бас редакторы Леонид Савин: «Израильдің бастамасымен Таулы Қарабақта қақтығыс оты тұтануы екіталай емес. Өйткені қақтығыс жағдайда Израильге бір жақтан Әзірбайжанға көбірек қару-жарақ сататын және басқа жақтан Иран-Ресей шекарасы маңында  Кавказ аймағында жаңа қарулы қақтығыстар ошағы  пайда болады»,- деді. Түркия үкіметі шілде айындағы қақтығыстардан кейін Ильхам Әлиевтің үкіметін қолдау   ұрандарына қарамастан, келісімшартқа қол қойып, Арменияда ең үлкен киім дүкенін ашты.  Аталмыш келісімге қол қойлығаннан кейін Түркия үкіметі өз өнімдерін Арменияға әртүрлі бағыттармен экспорттауға мәжбүр болды.  Сондықтан ол өз проблемаларын аймақтағы тәуелсіз елдерге таңуға талпынуда. Қорыта айтқанда, Әзірбайжан мен Армениядағы қазіргі қақтығыстар жанжалдасушы тараптардың талаптарын орындау әрекетінен гөрі аймақтағы шетелдік араласуға жағдай тудырады деген ой туады.