Ресей Таулы Қарабақ аймағына шетелдік жалдамалыларды жіберуге қатысты ескерту жасады
(last modified Thu, 01 Oct 2020 12:21:21 GMT )
Қаз 01, 2020 18:21 Asia/Almaty
  • Ресей Таулы Қарабақ аймағына шетелдік жалдамалыларды жіберуге қатысты ескерту жасады

Ресей СІМ Таулы Қарабақ аймағындағы қақтығыстарға қатысу үшін шетелдік жалдамалыларды жіберуге қатысты ескерту жасады.

Ресей СІМ өз мәлімдемесінде Таулы Қарабақ аймағындағы қақтығыстарға қатысу үшін шетелдік жалдамалылар жіберілетіні туралы ақпараттарға қатысты ескерту жасап: «Бұл әрекет қақтығыстардың күшеюіне әкеліп соғады және аймақ елдерінің қауіпсіздігіне қатер төндіреді»,-деп мәлімдеді.

Ресей СІМ осы мәлімдемесінде: «Мәскеу Таулы Қарабақ аймағында жауласушы елдердің басшыларынан қақтығыстарда шетелдік лаңкестер мен жалдамалыларды пайдаланудың алдын алып, олардың аймақтан тез арада шығарылуына қатысты шара қолдануды сұрады»,-деп қуаттады.

Кремльдің ақпарат хатшысы Дмитрий Песков та: «Ресейдің әскери басшылары Таулы Қарабақ аймағындағы жағдайды жіті бақылап отыр»,-деп мәлімдеді.