Ресей Иранға қарсы санкциялардың қайтарылуына қарсылық білдірді
(last modified Thu, 01 Oct 2020 12:56:40 GMT )
Қаз 01, 2020 18:56 Asia/Almaty
  • Ресей Иранға қарсы санкциялардың қайтарылуына қарсылық білдірді

Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі Иранға қарсы санкциялардың қайтарылмайтынын мәлімдеді.

Василий Небензя бейсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Ресейдің осы кеңесте төрағалық ету кезеңінің басталғанына орай сөйлеген сөзінде: «Кесімді түрде айтарымыз: Иранға қарсы санкциялар қайтарылмайды»,-деді.

Небензя: «АҚШ табандылық танытып отырған бұл мәселе бұдан былай БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде талқыланбайды»,-деді.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарары бойынша Иранға қарсы қару-жарақ санкциясы 18 қазанда күшін жояды.