Францияда «Алекс» дауылы салдарынан болған су тасқынында 10 адам із-түссіз жоғалып кетті
Қаз 04, 2020 15:16 Asia/Almaty
Францияның оңтүстік-шығысында болған «Алекс» дауылы салдарынан туындаған су тасқынында 10 адам, соның ішінде 2 өрт сөндіруші із-түссіз жоғалып, 12 мың үй электр қуатынсыз қалды.
Нис қаласының әкімдігі апатты жағдай қалыптасқанын айтып: «Су жүзден аса үйді басып қалды. Мұнымен қоса, көпірлер, жолдар мен көліктерге қатты зиян келтірілді»,-деді.