Там 27, 2024 16:49 Asia/Almaty
  • Telegram негізін қалаушыны қамауға алу себептері; Американың қысымынан Палестина халқының геноцидін жариялауға дейін

Орталық барлау басқармасының (ОББ) бұрынғы сарапшыларының бірінің айтуынша, Батыс Telegram әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Павел Дуровты тұтқындауда бір мақсатты көздеп отыр, ол - Ресейді басып-жаншу.

 

Сенбіге қараған түні француз БАҚ-тары Париж әуежайында «Telegram» әлеуметтік желісінің негізін қалаушы  Павел Дуровтың ұсталғанын хабарлады. Pars Today агенттігінің хабарлауынша, француз азаматтығын алған ресейлік бұл елде көптен бері іздеуде жүргендер тізімінде болған.  Француз ақпарат құралдары: «Ол француз билігімен жұмыс істемеу, ақшаны жылыстату және есірткі саудасы сияқты айыптармен қамауға алынды және ол 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін»,- деп айтады.

Ларри Джонсон ОББ ұйымының бұрынғы сарапшысы Telegram негізін қалаушыны Франция үкіметінің тұтқындауын тілге тиек ете отырып, X әлеуметтік желісінде былай деп жазды: «Менің ойымша, батыстықтар, әсіресе француздар оны тұтқындау арқылы қателесті, өйткені олар мұндай әрекет Ресей үшін қысым құралы болады деп ойлады».  Джонсон: «Менің ойымша, мәселе батыстық тұрғыдан бір нәрсе: Дуровтың Украинадағы оқиғаларды, сондай-ақ Израильдің Палестина халқына жасаған геноцидін көрсетуі. Менің ойымша, бұл әсіресе Тель-Авивке қысым жасады және олар оны жабудың жолын іздеді»,- деп қосты.

Сондай-ақ, оның айтуынша, олар Дуровты лаңкестікпен айыптайды, өйткені ол кейбір топтарға цензура жасаудан бас тартты.

Америкалық «Wall Street Journal» газеті француз шенеуніктеріне сілтеме жасап, «Telegram негізін қалаушының Францияда тұтқындалуы Ресей мен Франция арасында жаңа шиеленіс тудырады деп» жазды. Осы уақытта Ресей билігі Дуровпен байланыс орнату рұқсат сұрағанын хабарлады, бірақ Франциядан ешқандай жауап алмаған.

Ресейдің Франциядағы елшілігі мәлімдемесінде: «Біз Франция билігінен жедел түрде тұтқындау себептерін жариялауды сұрадық. Біз сондай-ақ Дуровтың құқықтарын қорғауға шақырдық, оның ішінде оған консулдық қолжетімділікті қамтамасыз ету. Бірақ әзірге француз тарапы ынтымақтастықтан бас тартты»,- деп хабарлады.

Ресей Қауіпсіздік Кеңесі басшысының орынбасары Дмитрий Медведев те Telegram-ның негізін қалаушының қамауға алынуына реакция білдіріп, өзінің Telegram-арнасында былай деп жазды: «АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросымен (ФТБ) ынтымақтасатын Марк Цукербергтен айырмашылығы,  Дуров Ресейдің жаулары үшін болжау мүмкін емес және қауіпті және Илон Маскпен немесе Марк Цукерберке  ұқсамайды».  

Медведев «Telegram негізін қалаушы атамекенді таңдауға болмайтынын түсінетін кез келді» деді.

Екінші жағынан, Telegram-дың бұрынғы баспасөз хатшысы Георгий Лобушкин. Дуровты тұтқындау туралы бұйрықты Вашингтон шығарған болуы мүмкін деп есептейді.

X әлеуметтік желісінің иесі Илон Маск FreePavel хэштегі арқылы осы әлеуметтік желіде оны босатуға шақырды.

 

 

Тегтер