Армения Қарабақта Ресей бітімгерлерін орналастыруды сұрады
Қаз 04, 2020 20:01 Asia/Almaty
Армения Премьер-министрі ресейлік бітімгерлердің даулы Қарабақ аймағына орналастырылуын сұрады.
Никол Пашинян жексенбі күні Владимир Путинмен телефон арқылы сұхбаттасып: «Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына қарасты Минск тобының жұмысы аясында Ресей бітімгерлерін Қарабақта орналастыру мәселесі қарастырыла алады»,-деді. Ал бұл жағдайда Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев Қарабақ мәселесін шешу үшін армян күштері бұл аймақтан шығуы керектігін мәлімдеді.
Сонымен қатар Кремль сарайының баспасөз қызметі: «Владимир Путин Никол Пашинянмен телефон арқылы сұхбатында Қарабақ аймағындағы қақтығыстарға Батыс Азия содырларының қатысып жатқанына алаңдаушылық білдірді»,-деді.
Тегтер