Әзірбайжан соғыса беретінін айтты
(last modified Mon, 05 Oct 2020 15:22:36 GMT )
Қаз 05, 2020 21:22 Asia/Almaty
  • Әзірбайжан соғыса беретінін айтты

Әзірбайжан мен Армения арасындағы қақтығыстар екінші аптаға ұласқан шақта жауласушы тараптар соғысты жалғастыруға ниеттеніп отыр.

Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев Твиттердегі жеке парақшасында: «Армян әскері Қарабақ аймағынан шыққан кезде ғана Армениямен келіссөз өткіземіз»,-деп жазды.

Ильхам Әлиев, сондай-ақ, Батыс елдері басшыларын жаңа жағдайдың қалыптасына жауапты, олардың қатынасын бейбітшілікке қайшы деп атап, АҚШ, Ресей, Франция мен Еуроодақтан тұратын Минск араағайын тобы басшыларынан Арменияға соғысты тоқтатсын деп қысым жасауды сұрады.

Әзірбайжан басшыларының реакциясына керісінше,  Армения армиясы Гянджемен қоса, Әзірбайжанның астанасы маңындағы Хызы, Апшерон мен Мингечевир қалаларын зымыранмен нысанаға алып, тұрғын үйлер мен экономикалық нысандарға зиян тигізді.

Аймақ елдері, соның ішінде ИИР қос тарапты бейбіт тұрғындардың шығынын азайту мақсатында қақтығыстарды тоқтатуға шақырды.

ИИР СІМ ақпарат хатшысы бүгін, дүйсенбі күні, 5 қазанда Теһранның ұзаққа созылған Қарабақ қайшылығын шешуге көмектесуге дайындығын мәлімдеп: «Иран соғысты тез арада тоқтату мақсатында Әзірбайжан республикасының аумақтық тұтастығын сақтай отырып, әскери күштерді шығару және келіссөздерді бастау жобасын ұсынды»,-деді.

Иранның соғысты тоқтатуға талпыныстарымен бір мезгілде аймақ елдерінің көбі, соның Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және тіпті Түркіменстан да ұқсас позиция білдіріп, жауласушы тараптардан қақтығыстарды тоқтатуды сұрады. Саяси сарапшы  Хасан Бехештипурдің пікірінше, Қарабақ қайшылығындағы екі ел де Иранмен шектесіп жатқандықтан, қақтығысты тоқтатып, келісімге келу Иран мен жауласушы тараптардың мүддесіне сай келмек.

Осы талпыныстарға қарамастан, Анкара басшылары тағы да Баку үкіметінің орнына позиция білдіріп, Әзірбайжан аумағын басқыншыдан толық азат еткенге дейін қақтығысты жалғастыратынын айтты. Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған: «Әзірбайжан республикасы өз жерін қайтарып алғанға дейін Армениямен соғыса береді. Түркия да соңына дейін Баку басшыларының қасында болады»,-деді.   

Түркияның ұстанымы Әзірбайжанның ұлттық мүдделерін қамтамасыз етпейтінінде күмән жоқ. Керісінше болашақта бұл мұсылман ел Анкара басшыларынының ұстанымдарынан көп зиян көретін болады.

Жалпы айтқанда,  Әзірбайжан мен Армения арасында күн сайын өршіп келе жатқан қақтығыстар әскери жолмен еш нәтижеге жетпейді, керісінше соғыс оты екіжақты қалыптан шығып, аймақ пен әлемнің басқа елдріне жайылуы мүмкін.