Лавров пен Зариф Таулы Қарабақ мәселесін саяси жолмен шешуді қайта қуаттады
(last modified Wed, 07 Oct 2020 08:31:22 GMT )
Қаз 07, 2020 14:31 Asia/Almaty
  • Лавров пен Зариф Таулы Қарабақ мәселесін саяси жолмен шешуді қайта қуаттады

ИИР мен Ресей сыртқы істер министрлері Мұхаммад Джавад Зариф пен Сергей Лавров сейсенбі күні, соңғы аптадағы екінші рет телефон арқылы сөйлесулері кезінде Таулы Қарабақ мәселесін саяси жолдармен шешуді қуаттады.

Ресей Сыртқы істер министрлігі: «Зариф пен Лавров бұл телефон арқылы сұхбаттарында Әзірбайжан мен Армения арасындағы қайшылықтардың бұрын-соңды болмаған деңгейге күшеюіне алаңдаушылық білдіріп, Таулы Қарабақ мәселесін саяси жолдармен шешуді талап етті»,- деп мәлімдеді. Иран мен Ресей сыртқы істер министрлері сондай-ақ Қарабақ аймағындағы Ливия мен Сириядан келген әскери жасақтардың болуына алаңдаушылық білдірді. Зариф пен Лавров өткен жұма күні де Қарабақтағы соңғы өзгерістер жөнінде сөйлескен болатын.