Парламенттік сайлаудан кейінгі Қырғызстандағы саяси тұрақсыздық
(last modified Wed, 07 Oct 2020 15:34:11 GMT )
Қаз 07, 2020 21:34 Asia/Almaty

Оппозициялық партиялардан жаңа премьер-министрдің сайлануы және Қырғызстандағы парламенттік сайлаудың жетінші кезеңінің нәтижелерін қабылдамау Орта Азияның бұл еліндегі жаңа толқулар мен дағдарыс ықтималдығын арттырды.

Парламенттік сайлаудың нәтижелері жарияланғаннан бір күннен кейін басталған ағымдағы саяси тұрақсыздықтар уақыты өте одан сайын кеңейді.  Оппозиция лидерлері мен олардың жақтастарының наразылықтары Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтың халықаралық бақылаушылардың Ұлттық мәжіліс сайлауының нәтижелерін азат және заңды деп жариялағандары туралы сөздерінен кейін басталды.  

Қырғызстанның парламенттік сайлауы 4 қазанда өтті. Қырғызстандағы тынышсыздықтар парламенттік сайлаудың алғашқы нәтижелері жариялансымен басталды. Наразылықтар ағымында бір аам қаза тапты және 590 адам жарақат алды. Оппозициялық партиялар мен полиция күштерінің қақтығыстарынан кейін қарсыластар Бішкекте бірнеше мемлекеттік ғимаратты басып алып, бұл елдің бұрынғы президенті Алмасбек Атамбаевты абақтыдан шығарды. Парламенттік сайлаудың нәтижелеріне наразылық білдірушілер Сооронбай Жээнбековтың биліктен кетуін және Конституцияға өзгеріс енгізуді талап етті. Қырғызстандағы белсенді саяси партиялардың көптігін ескере отырып,  кез-келген саяси шарада қақтығыстардың орын алуы күтпеген жағдай емес болып табылады. Әрине   Қырғызстанның істеріне шетелдік үкіметтердің  араласуы мен бұл салада көптеген қаржы жұмсауы елдегі саяси дағдарысты ушықтыруға жағдай тудырып отырғаны даусыз.  Ресейдің халықаралық істер жөніндегі сарапшысы  Григорий Трофимчук бұл туралы: «Қырғызстанның саяси партияларының саны өте көп. Дәл осы мәселе бұл елдегі тұрақсыздықтардың себебі бола алады. Бұл мәселе бұл партиялардың сөздері мен ұрандарында ғана емес әрекеттерінде де байқалады. Батыс үкіметтері елшіліктері мен өз ұйымдары арқылы гуманитарлық көмектер түрінде немесе жасырын оппозицилық партияларды қаржымен қамтамасыз етеді»,- деді.  

Өткен бірнеше жылда Бішкектегі кейбір БАҚ-тарда АҚШ пен Ұлыбритания үкіметтерінің оппозициялық партияларға қолма-қол ақша жіберу арқылы бұл елде маңызды рөл атқарушы болуға талпынулары туралы деректер жарияланды.