«Ялда» ирандық фильмі француз журналының ірі жүлдесіне ие болды
Қаз 09, 2020 17:12 Asia/Almaty
«Эль» атты француз журналының ірі кинематографиялық жүлдесі Масуд Бахшидің режиссерлігімен түсірілген «Ялда» ирандық фильміне берілді.
Бұл жүлде 10 жылдан бері осы басылым тұрғысынан ең үздік фильм деп танылған туындыға табысталып келеді. Биылғы «Эль» журналының оныншы жарысына 2020 жылы Францияда экрандалған 100‑ден аса фильмнің арасында 8 фильм, соның ішінде «Ялда» ирандық фильмі қатысты. Қазылар алқасы бірауыздан ирандық фильмді осы ірі жүлдеге лайық деп тапты.
«Франция фильмі» басылымының жазуынша, «Ялда» көркем фильмі сәрсенбі, 8 қазаннан бастап Франция кинотеатрларында көрсетіле басталды. Экранға шыққан алғашқы күнінде фильм билет сатылымы бойынша бірінші орынға ие болды.