Қазақстан, Тәжікстан, Түркіменстан мен Өзбекстан басшылары Қырғызстандағы өзгерістерге қатысты ортақ мәлімдеме жасады
Қаз 09, 2020 18:38 Asia/Almaty
Қазақстан, Тәжікстан, Түркіменстан мен Өзбекстан басшылары Қырғызстандағы өзгерістер жайлы ортақ мәлімдеме жасап, оны алаңдаушылық тудыратын жағдай деп атады.
Осы мәлімдемеде: «Біз жақын көршілер ретінде Қырғызстан халқын елде бейбітшілікті сақтап, тұрақтылық орнату үшін ақылмен әрекет етуге шақырамыз»,‑делінген.
Қырғызстанда бейберекеттіктер сейсенбі, 4 қазанда парламенттік сайлаудың нәтижесіне қарсылық ретінде басталды. Наразылар Президенттің сарайына шабуыл жасап, оның бір бөлігін жағып жіберді. Қырғызстан үкіметі парламенттік сайлау нәтижесінің күшін жойды. Сол күннен бері ерікті халықтық топтар қалада тәртіп сақтау ісін өз қолдарына алды.
Тегтер