Қазақстан, Тәжікстан, Түркіменстан мен Өзбекстан басшылары Қырғызстандағы өзгерістерге қатысты ортақ мәлімдеме жасады
https://itolqyn.com/news/world-i48571-Қазақстан_Тәжікстан_Түркіменстан_мен_Өзбекстан_басшылары_Қырғызстандағы_өзгерістерге_қатысты_ортақ_мәлімдеме_жасады
Қазақстан, Тәжікстан, Түркіменстан мен Өзбекстан басшылары Қырғызстандағы өзгерістер жайлы ортақ мәлімдеме жасап, оны алаңдаушылық тудыратын жағдай деп атады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 09, 2020 18:38 Asia/Almaty
  • Қазақстан, Тәжікстан, Түркіменстан мен Өзбекстан басшылары Қырғызстандағы өзгерістерге қатысты ортақ мәлімдеме жасады

Қазақстан, Тәжікстан, Түркіменстан мен Өзбекстан басшылары Қырғызстандағы өзгерістер жайлы ортақ мәлімдеме жасап, оны алаңдаушылық тудыратын жағдай деп атады.

Осы мәлімдемеде: «Біз жақын көршілер ретінде Қырғызстан халқын елде бейбітшілікті сақтап, тұрақтылық орнату үшін ақылмен әрекет етуге шақырамыз»,‑делінген.

Қырғызстанда бейберекеттіктер сейсенбі, 4 қазанда парламенттік сайлаудың нәтижесіне қарсылық ретінде басталды. Наразылар Президенттің сарайына шабуыл жасап, оның бір бөлігін жағып жіберді. Қырғызстан үкіметі парламенттік сайлау нәтижесінің күшін жойды. Сол күннен бері ерікті халықтық топтар қалада тәртіп сақтау ісін өз қолдарына алды.