Мәскеу келісімі қол қойылған сәттен бірер минут өтпей жатып-ақ бұзылды
Ресейдің араағайындығымен Мәскеуде Әзірбайжан мен Армения басшылары арасында қол қойылған атысты тоқтату бітімі 5 минутқа да жетпеді.
Ресейдің «Спутник» ақпарат агентігінің хабарлауынша, атысты тоқтату бітімі жарияланғаннан 5 минут өткенде әзірбайжан күштері Караханбейлиге шабуыл жасады, ал армян күштері Тертер мен Агдам қалаларын бомбалады. Соңғы мәліметтер бойынша, өткен екі аптада тараптар арасында Қарабақ аймағында болған ең ауыр қақтығыстарда 300-ден аса адам қаза тауып, аймақ тұрғындарының жартысы босып кетті.
Мәскеу келіссөздері басталар алдында Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев бұл келіссөздерді Қарабақ аймағында бейбітшілік орнатуға бағытталған соңғы талпыныс деп атады. Әзірбайжан халқы майданның алғы шебінде жеңіске жетіп жатқандықтан атысты тоқтату бітіміне қол қоюға ынталы емес еді. Әзірбайжан армиясы басып алынған жерлердің тағы бір бөлігін азат етті. Мұсылман әзірбайжан халқының пікірінше, атысты тоқтату бітіміне қол қойған соң да Қарабақ қайшылығы шешімін таппай, одан ары жалғаса түседі. Қалай болғанда да, тәуелсіз саяси орталардың көбі болжағандай, кейбір бөгде елдердің әзірбайжан-армян әскери қақтығыстарына араласуы жауластық сипатта болды. Мысалы, Түркия ақпарат құралдарының Әзірбайжанға қолдау көрсетуі осы елге зиян тигізді. Бұған қатысты Ресейдің бұрынғы дипломаты әрі сыртқы саясат жөніндегі сарапшысы Владимир Фролов Bloomberg ақпарат агентігіне берген сұхбатында: «Путин бұдан артық үнсіз қала алмады. Өйткені Түркия Кеңес одағынан қалған елдердегі дағдарысқа араласқан соң, Ресейдің де аралсуы қажет болды»,-деді.
Мұнымен қоса, соңғы екі аптада Әзірбайжанды кесімді түрде қолдайтынын сан рет айтқан Түркия үкіметі Мәскеу келіссөздерінің нәтижесін қолдады. Шетелдік қолдауларға қарамастан, ИИР қақтығыс басталғаннан бері оны тоқтатып, Баку мен Ереван арасында диалог бастау қажеттігін айтып келеді. Қазіргі таңда көптеген елдер мен халықаралық ұйымдар Мәскеу келісімін қолдап, қақтығыс болған аймақ тұрғындарына көмектесуге әзір екендерін жариялады.