Кавказ мәдени орталығының директоры Иранның Қарабақ қайшылығына қатысты ұстанымына ризалық білдірді
Кавказ мәдени орталығының директоры Иранның Қарабақ қайшылығына қатысты ұстанымына ризалық білдірді
Кавказ мәдени орталығының директоры Мұхаммедреза Каффаш Джамшид бүгін, жексенбі күні өткен «Қарабақ қайшылығындағы соңғы өзгерістерді талдау» атты отырыста Иранның ұстанымын әділ әрі сындарлы деп сипаттады.
Каффаш Джамшид Иранның саяси тұлғаларының Қарабақтағы соңғы өзгерістер туралы пікірлеріне ризалық білдіріп: «Бұл ұстаным текетірестерді азайтуда маңызды рөл атқарды»,-деді.
Кавказ мәселелері жөніндегі сарапшы, сондай-ақ, сионистік режимнің Оңтүстік Кавказдың географиялық жағдайын пайдаланудағы рөліне тоқталып: «Бұл режимнің мақсаты – Иранға төтеп беру және соққы беру. Ол үнемі соғысқа итермелейді»,-деді.