Түркіменстанда Хафизды ұлықтау рәсімі өтті
(last modified Tue, 13 Oct 2020 10:51:32 GMT )
Қаз 13, 2020 16:51 Asia/Almaty
  • Түркіменстанда Хафизды ұлықтау рәсімі өтті

Ашхабадта Иранның әйгілі ақыны Хафиз Ширазиді ұлықтау күніне байланысты ақынның өлеңдерін оқу рәсімі өтті.

Түркіменстанның мәдени қайраткерлері мен Иранның әдебиеті мен өнерін сүйер азаматтарының қатысуымен өткен бұл рәсімде Хафиз Ширазидің көптеген өлеңдері оқылды.

Ашхабадтағы ИИР елшісі бұл рәсімде: «Хафиз Ширази Иран халқы үшін ерекше орын алады. Халық жылдар және ғасырлар бойы оның өлеңдерін жатқа айтып келеді»,- деді. Шамседдин Мұхаммад бен Бахаеддин Хафиз Ширази 14 ғасырда өмір сүрген ұлы парсы ақыны әрі әлемге танымал сөз шеберлерінің бірі.

 

Тегтер