Армения атысты тоқтату режимінің бұзылуына байланысты Әзірбайжанмен тұтқындармен алмасудың мүмкін еместігін қуаттады
Қаз 13, 2020 19:56 Asia/Almaty
Армения Премьер-министрінің аға кеңесшісі атысты тоқтату режимінің бұзылуына байланысты Әзірбайжанмен тұтқындармен алмасудың мүмкін еместігін жариялады.
Вагаршак Арутюнян: «Тұтқындармен алмасуды бақылауға міндеттелген Қызыл Крест ұйымы өз жұмысын атыс тоқтату толық тоқтатылсымен бастайды»,- деді. Әзірбайжан мен Армения арасындағы Қарабақ мәселесіне байланысты қақтығыстар 27 қыркүйекте басталды. 10 қазанда екі елдің сыртқы істер министрлерінің Мәскеудегі отырысында екі жақ атысты тоқтатуға келісті. Бірақ қақтығыстар жалғасып, екі жақ бір-бірін атысты тоқтату режимді бұзуымен айыптауда.
Тегтер