Қарабақ соғысының 18-ші күні
(last modified Wed, 14 Oct 2020 12:18:04 GMT )
Қаз 14, 2020 18:18 Asia/Almaty

Әзірбайжан мен Арменияның әскери қақтығыстары 18-ші күн жалғасуда.

 

Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі Агдара-Агдам бағытындағы бұл елдің армиясы мен армян армиясы арасындағы  қақтығыстардың күшейгенін мәлімдеді.  Армения Сыртқы істер министрлігі де өткен бірнеше күнгі қақтығыстардың салдарынан 600-ден астам әскери емес адамның және шамамен 300 әскеридің қаза болғанын, жүздеген адмның жарақат алғанын хабарлады.   

Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев Түркия армиясының Ғ-16 әскери ұшақтарының орналасқандарын мойындап: «Бірақ бұл әскери ұшақтар Қарабақ соғысында қолданылмады»,- деді.  Ресей Сыртқы істер министрі: «Түркияның Қарабақ мәселесін әскери жолмен шешу көзқарасын қолдамаймыз»,- деп қуаттады. Лавров сондай-ақ атысты тоқтату жағдайды бақылау үшін Қарабақта бейбітшіл күштерді орналастыруды талап етті.

Иран Президенті кеңсесінің басшысы де Қарабақ аймағында бейбітшілік орнатылуының қажеттілігін қуаттап: «Иран Ресейдің Қарабақта бейбітшілік орнату жобасын қолдайды»,- деді.