Қарабақ соғысының 18-ші күні
Әзірбайжан мен Арменияның әскери қақтығыстары 18-ші күн жалғасуда.
Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі Агдара-Агдам бағытындағы бұл елдің армиясы мен армян армиясы арасындағы қақтығыстардың күшейгенін мәлімдеді. Армения Сыртқы істер министрлігі де өткен бірнеше күнгі қақтығыстардың салдарынан 600-ден астам әскери емес адамның және шамамен 300 әскеридің қаза болғанын, жүздеген адмның жарақат алғанын хабарлады.
Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев Түркия армиясының Ғ-16 әскери ұшақтарының орналасқандарын мойындап: «Бірақ бұл әскери ұшақтар Қарабақ соғысында қолданылмады»,- деді. Ресей Сыртқы істер министрі: «Түркияның Қарабақ мәселесін әскери жолмен шешу көзқарасын қолдамаймыз»,- деп қуаттады. Лавров сондай-ақ атысты тоқтату жағдайды бақылау үшін Қарабақта бейбітшіл күштерді орналастыруды талап етті.
Иран Президенті кеңсесінің басшысы де Қарабақ аймағында бейбітшілік орнатылуының қажеттілігін қуаттап: «Иран Ресейдің Қарабақта бейбітшілік орнату жобасын қолдайды»,- деді.