Баку-Ереван соғысының жалғасуына бөгделер өз үлесін қосып отыр
Шетелдік араласулармен Әзірбайжан мен Армения арасындағы соғыс күн сайын кеңірек және апаттылау болуда.
Осыған байланысты Қарабақтың Төтенше жағдайлар департаментінің атқарушы директоры полковник Карен Саркисян: «Таулы Қарабақ республикасының астанасы Ханкенди қаласында Израиль мен Түркияда жасалған әскери техника, оқ-дәрі мен қару-жарақтың көп мөлшері табылды. Таулы Қарабақтағы құтқару күштері жарылмаған бомбалар мен миналарды іздеуді жалғастыруда»,- деді.
Соғысушы тараптардың атысты тоқтатып, келіссөздер үстеліне отырғысы келгеніне қарамастан, бұл мақсатқа жетуге шетелдіктердің араласуы кедергі болып отыр. Шетелдердің араласуы, әсіресе жаппай қырып-жоятын қару-жарақ сатылуы және екі тарапты қиын жағдайға душар ету Әзірбайжан мен Армениядағы бейбіт тұрғындарға орны толмас әсер етті. Әзірбайжан мен Армения күштері арасындағы атысты тоқтату оңай болмайтынына күмән тумайды. Екі мемлекет өткен 30 жылға жуық уақытта сан рет атысты тоқтату келісіміне қол қойған. Қарабақ мәселесіне бір-бірімен соғысып отырған екі жақтың жағдайы, әсіресе шетелдердің араласуына қарағанда екі елдің атыс тоқтату режимін орнатуларына үміттенуге болмайды.Әзірбайжандағы Иранның бұрынғы елшісі әрі саяси сарапшы Мохсен Покоиин екі көршілес елдің атыс тоқтату режимін бұзуына тоқталып: «Әзірбайжан мен Армения арасындағы атысты тоқтату тұрақты болу үшін басып алынған әзірбайжандық 7 қаланың мәселесі шешілеу керек. Әзірбайжанның территориялық мәселесі шешілмей, екі елдің арасында атысты тоқтау режимінің орнатылуы мүмкін емес»,- деді.
Әзірбайжан мен армян әскерилері арасындағы соғыс шындығынан бөлек, «осы уақытқа дейін аймақтың тәуелсіз елдері мен халықаралық институттардың ескертулері Баку мен Ереван арасындағы территориялық даудың жалғасуына кедергі бола алмады» деп айту керек. Өткен үш аптада екі елдің ондаған мың бейбіт тұрғындары тағы босқынға айналды. Таулы Қарабақ қақтығысының жалғасуы соғысушы елдердегі босқындардың артуына себеп болатыны анық. Әрине бөгде үкіметтердің Әзірбайжан мен Арменияны соғысты жалғастыру түрткілері жеңіліске ұшырайды. Бөгде үкіметтер екі жақты бір-бірне итермелеп пайда көргілері келеді.