Иран мен Ресейдің бірлескен тілтану орталықтарын дамыту қажеттігі қуатталды
https://itolqyn.com/news/world-i48632-Иран_мен_Ресейдің_бірлескен_тілтану_орталықтарын_дамыту_қажеттігі_қуатталды
Иранның Ресейдегі елшісі екі елдің бірлескен тілтану орталықтарын дамытуды өзара мәдени қарым-қатынасты кеңейтудің ең маңызды факторы деп атады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 15, 2020 19:48 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресейдің бірлескен тілтану орталықтарын дамыту қажеттігі қуатталды

Иранның Ресейдегі елшісі екі елдің бірлескен тілтану орталықтарын дамытуды өзара мәдени қарым-қатынасты кеңейтудің ең маңызды факторы деп атады.

Казем Джалали «Азия мен Африка тілдері мен мәдениеттері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда тілдің елдер мен мәдениеттерді байланыстыратын фактор екенін айтып: «Парсы және орыс тілдері Иран мен Ресейді байланыстыруда айрықша рөл ойнайды»,-деді.

«Азия мен Африка тілдері мен мәдениеттері» атты алғашқы халықаралық ғылыми-практикалық конференция бейсенбі күні Мәскеу мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен және Иранның Ресейдегі елшісінің қатысуымен онлайн форматта өтті.