Қырғызстанның жаңа премьер-министрі уақытша президент міндетін атқаратын болды
(last modified Fri, 16 Oct 2020 10:26:49 GMT )
Қаз 16, 2020 16:26 Asia/Almaty
  • Қырғызстанның жаңа премьер-министрі уақытша президент міндетін атқаратын болды

Қырғызстан парламенті Бішкекте төтенше жағдай режимінің аяқталғанын жариялап, жаңа премьер-министрді уақытша президент етіп тағайындады.

 

Қырғызстан Конституциясы бойынша президент міндетін атқару құқыға ие парламент спикері Қанатбек Исаев жұма күнгі отырыста бұл міндеттен бас тартып, жаңа премьер-министр болып сайланған Садыр Жапаров уақытша президент міндетін атқаратын болды. Наразылық білдірушілер де Бішкектегі «Иссық көл» қонақ үйінің алдына жиналып, парламенттің таралуын және Қанатбек Исаевтың отставкасын талап етті.

Бейсенбі күні отставкаға кеткен  Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков елдің жағдайын жақсарту үшін төтенше жағдай жариялаған болатын.

Қырғызстанның уақыттан тыс президенттік сайлауы президент отставкға кеткен күннен үш айдың ішінде өтуі керек. Сондықтан Жээнбековтың отставкаға кетуіне байланысты президенттік сайлау 2021 жылдың 15 қаңтарына дейін өтеді.