Қаз 18, 2020 16:19 Asia/Almaty

Әлемге әйгілі ойшыл, философ әрі математик Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған халықаралық вебинар ИИР мен Қазақстанның әріптестігімен және әлем елдерінің ұстаздары мен көрнекті ғалымдарының қатысуымен 19 қазанда өтеді.

«Әл-Фараби» халықаралық вебинарын ұйымдастыру жайлы алғашқы жиналыс Қазақстанның Ирандағы елшісі және ЮНЕСКО ұлттық комиссиясы бас хатшысының қатысуымен өтті.

Қазақстанның Ирандағы елшісі Асхат Оразбай: «19 қазанда Иран мен Қазақстан бірлесіп әл-Фарабиге арналған ғылыми-саяси бейнеконференция өткізеді деп келісті. Бұл – осы екі елдің ортақ іс-шарасы. Қалған елдер мен ғылыми орталықтардың өкілдері қонақ ретінде қатысады»,-деді.

 

 

Тегтер