Қазақстан мен Ресейдің әскери ынтымақтастығы одан ары дамуда
Қазақстан Президенті Нұр-Сұлтан қаласында Ресейдің Қорғаныс министрін қабылдап, екі елдің әскери әріптестігі туралы сұхбаттасты.
Қасым-Жомарт Тоқаев осы кездесуде екі елдің арасында әскери ынтымақтастық туралы жаңа келісімге қол қойылғанына қолдау білдіріп, мұны Ресей Қорғаныс министрінің Қазақстанға сапарының маңызды нәтижелерінің бірі деп атады.
Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу: «Бұл келісім – Қазақстан мен Ресей арасында әскери ынтымақтастық саласында қол қойылған ең маңызды да ауқымды құжат»,-деді.
Сергей Шойгу Қазақстан Президентіне осы ел әскерилерінің Мәскеудің Қызыл алаңында өткен Жеңіс парадына қатысқанына алғыс айтты.
Кездесу соңында Қазақстан Президенті Ресей Қорғаныс министрінің екі ел әскери ынтымақтастығын дамытуға қосқан үлесі үшін оны бірінші дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.