Әзірбайжан мен Армения арасындағы соғыс күшеюде
(last modified Sat, 24 Oct 2020 17:15:15 GMT )
Қаз 24, 2020 23:15 Asia/Almaty
  • Әзірбайжан мен Армения арасындағы соғыс күшеюде

Әзірбайжан мен Армения әскерилері арасындағы әртүрлі бағыттардағы қақтығыстар жалғасуда.

 

Әзірбайжан мен Армения әскерилерінің әртүрлі бағыттардағы қақтығыстары, екі жақ бір-бірін шетелдік араласу мен көмектері үшін айыптап отырған жағдайда, жалғасуда. Әзербайжан бұл қақтығыстардың ағымында «Путиннің бейбітшілік жоспарына» енгізілген Таулы Қарабахтың кейбір жерлерін қайтара алды. Ресейдің бейбітшілік жобасы бойынша, Армения Әзірбайжанның  басып алынған бес қаласын  қайтаруы керек. Арменияның бұл әрекетінен кейін әзірбайжандық босқындар өз үйлеріне оралады. Екі жақтың шекаралас жерлерінде  бітімгершілік күштерін орналастыру және Таулы Қарабақ аймағында  өз тағдырын анықтау референдумның өткізу Ресейдің бейбітшілік жоспарында көрсетілген келесі тақырыптардың бірі болды. Өткен жылдарда бейбітшілік жобаның бұл бабына Баку мен Ереван басшылары күдік-күмән білдіріп, соңында қол қойған болатын. қазіргі жағдайда сарапшылар Таулы Қарабақ қақтығысындағы соғысушы тараптар арасындағы қақтығыстың өршуін Әзірбайжан мен Армения әскери күштерінің бөліктерінің жойылуына және экономикалық шығындарға әкеледі деп санайды.ды жоғалту, кейде қақтығыс тараптары үшін «орны толмас» деп санайды. Финляндияның сыртқы саясат институтының аға қызметкері Тони Алранта: «Қақтығыс шиеленісуі және екі жақтың шекараның екі жағында бейбіт тұрғындардың өлімі туралы уәждерімен Армения мен Әзірбайжан бір-бірін зорлық-зомбылық  жасады деп айыптайды. Екі елдің ішкі саясатындағы кейбір факторлардың да  бұл қақтығыстарға әсерін тигізді деген ой туындайды. Екі ел өз халқына мықты басшыға ие екенін көрсетуге талпынуда»,- деді.

Қорыта айтқанда, Таулы Қарабақ қақтығысының жалғасуы екі жаққа адами және экономикалық шығындар келтіруден басқа нәтиже бермейді. Осы мәселені ескере отырып, сарапшылар ИИР  және  бұл елдің көзқарасын қолдайтын елдердің келіссөздер үстеліне отыру ұсынысын іске асыру қажет деп санайды.