Ресей Президентінің Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі басқарған делегация Асадпен кездесті
(last modified Fri, 30 Oct 2020 08:47:21 GMT )
Қаз 30, 2020 14:47 Asia/Almaty

Ресей Президентінің Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі басқарған бұл елдің делегациясы Сирия Президенті Башар Асадпен кездесіп, босқындарға арналған халықаралық конференция өткізу мәселелерін талқылады.

 

Кездесудің басты тақырыбы келесі айда Дамаскіде өтетін босқындар жөніндегі халықаралық конференция  болды. Бұл кездесудің тағы бір тақырыбы сириялық босқындар және олардың елге оралу мәселелерін шешу болды.