Әзірбайжан Республикасы Арменияға айып тақты
https://itolqyn.com/news/world-i4879-Әзірбайжан_Республикасы_Арменияға_айып_тақты
Әзірбайжан Республикасының Қорғаныс министрі Арменияны шетелдік жалдамалыларды қызметке алды деп айыптады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 16, 2016 13:45 Asia/Almaty
  • Әзірбайжан Республикасы Арменияға айып тақты

Әзірбайжан Республикасының Қорғаныс министрі Арменияны шетелдік жалдамалыларды қызметке алды деп айыптады.

Azar-News ақпарат агенттігінің сенбі күнгі хабарлауы бойынша, Әзірбайжан Республикасының Қорғаныс министрі Закир Хасанов: «Армения шетелдік жалдамалыларды қызметке алып, ұйымдасқан лаңкестік топтармен әріптесе отырып, оларды Қарабақ аймағына орналастырды »,-деді.

Әзірбайжан Республикасының Қорғаныс министрі Арменияны лаңкестермен тікелей әріптестік жасап отыр деп айыптап: «Бұл әріптестік Ереванның саясатына айналды»,-деп мәлімдеді.

Закир Хасанов халықаралық ұйымдардың Арменияның лаңкестік топтармен әріптестігін тексеруін талап етіп: «Ереванның басқыншы саясаты салдарынан Қарабақ аймағы 20 жылдан астам уақыт бойы осы елдің қол астында қалып отыр, соның салдарынан Әзірбайжан Республикасының 1 млн азаматы босқындыққа ұшырады»,-деді.

Әзірбайжан Республикасы мен Армения арасында Қарабақ аймағына қатысты атысты тоқтату келісімі жасалғанына қарамастан, тараптар бұрынғыдай бір-бірінің позицияларын нысанаға алуда.